
ECL Comfort 120
ECL Comfort 120 — орталық жылумен жабдықтау жүйелерінің жылу пункттерінде, орталық жылумен жабдықтау базасындағы қондырғыларда және қазандық қондырғыларында қолдануға арналған әмбебап бірконтурлы контроллер. ECL Comfort 120 басқаруы IOS немесе Android жүйесіндегі монтаждық қосымша арқылы жүзеге асырылады. Контроллердегі пайдаланушы интерфейсі: 5 жарықдиоды және 1 түйме. Бұйым әртүрлі басқару принциптері бойынша беру температурасын (жылыту) реттеуге арналған электронды контроллер болып табылады: ауа райына тәуелді реттеу (сыртқы датчик), тірек бөлме (ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышы), тірек бөлме (бөлме датчигі), беру температурасы бойынша компенсация (беру температурасынан ығысу).